«Баспа ісі» мамандығы - техника саласы, қандай да бір бейненің (әріптердің, белгілердің, суреттердің) бірдей көшірмелерін көп мәрте репродукциялауға (түрлендіруге және қайта шығаруға) және мәтін, кітап, журнал, брошюра, буклет, плакат және афишалар, географиялық карталар мен атластар, ақша белгілері мен маркалар түріндегі иллюстрацияларды басып шығару тәсілдеріне арналған техникалық құралдардың жиынтығы.
Қазіргі таңда бұл сала орауыш, кәдесый және жарнамалық өнімдердің әртүрлі түрлерін қолдануына байланысты кеңінен танымал болып табылады.
Кәсіби білімді қолдану салалары: баспаханалар және олардың бөлімшелері, жарнама агенттіктері, ғылыми-техникалық ақпарат орталықтары, кітап таратумен айналысатын ұйымдар.
«Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы» кәсібіне деген сұраныс және еңбек сипаты болашақта қалай өзгереді?
Кезінде кітап қол жетімді ақпараттың тасымалдаушысы бола отырып, әлемді өзгертті. Енді жаңа дәуір келді, онда болашақты өзекті және қажетті ақпараттың күннен-күнге артып келе жатқан көлемін берудің жаңа жүйелері мен формаларын жасайтындар анықтайды.
Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуына қарамастан, баспа ісі қызықты әрі маңызды мамандық бола бермек. Бұл мамандықты қағаз баспа өнімінің құндылығын түсінетіндер таңдайды. Бұл мамандық танымал және сұранысқа ие мамандық болып қала бермек.
«Баспа ісі» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- Басуға дейінгі процестердің операторы;
- Копирайтер.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады.