Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«WorldSkills Kazakhstan 2021» шеберлікке қадам

  WorldSkills халықаралық қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және оларды танымал етуге бағытталған әрі білікті кадрларды даярлауда жаңа трендтер жасайды. Оған әлемнің 80-нен астам елі қатысуда. Қазақстан WorldSkills International (WSІ), WorldSkills Europe (WSE) және WorldSkills Asia (WSА) толық құқықты мүшесі болып табылады.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты  1 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Семей қалаларындағы колледждер базасында өтті. Еліміздің барлық өңірінен келген 450-ден астам жас маман 30 негізгі және 40-тан астам қосымша құзыреттер бойынша өз дағдыларын  шыңдады.

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Ресупбликалық конкурс  Көқшетау қаласында 3 қарашадан 5қараша аралығында өтті.

 Конкурсқа 15 қатысушы қатысты. Биыл Қарағанды облысы атынан Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің   «Полиграфия өндірісі» мамандығының 3 курс студенті Пак Кирилл қатысты.

Конкурстың  талабы бойынша конкурсқа әрбір қатысушы  Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe XD, Adobe InDesign бағадарламаларын білуі шарт. Үш күндік конкурста А, В, С Модулі бойынша фирмаға логотив, сол фирмаға қорап, журнал, сайт дизайны, мобилді қосымшаға дизайн жасау сияқты тапсырмаларын орындады.

10 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Worldskills Kazakhstan-2021» Республикалық VI кәсіби шеберлік чемпионат қорытындысы бойынша «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша Қарағанды облысы, Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің   студенті Пак Кирилл Сергеевич 1-орынды жеңіп алды.

Алдағы уақытта Кирилл Қытай Республикасының Шанхай қаласында «Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша мемлекетіміздің намысын қорғайтын болады.

«WorldSkills Kazakhstan 2021» — VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты жас кадрларды экономиканың өндірістік секторына тартуға және елдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ықпал етеді.

Жастарды кәсіби бағдарлау мақсатында Чемпионатқа мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, мемлекеттік органдар өкілдері, шетелдік және қазақстандық әріптестер, кәсіпорындар қызметкерлері мен жұмыскерлері, сондай-ақ еліміздің барлық аймақтарының кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптар қатыса алады.

Мұндай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді және кәсіби шеберлік дағдыларын жетілдіру орталығына айналады.

Жастарды осы қозғалысқа белсенді қатысуға шақырамыз. Өйткені WorldSkills қозғалысы халықаралық деңгейдегі жаңа маманды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 


Китанова Ж.К.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2022 ж. 19 қаңтар
"Ахмет Байтұрсынұлы. Сөзі жоғары тұрған жұмыстың өзі де жоғары" атты онлайн эссе байқауы

"Ахмет Байтұрсынұлы. Сөзі жоғары тұрған жұмыстың өзі де жоғары" атты онлайн эссе байқауы

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 19 қаңтар
«WorldSkills Kazakhstan 2021» шеберлікке қадам

«WorldSkills Kazakhstan 2021» шеберлікке қадам

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 19 қаңтар
ЖОО мен колледж студенттерін кәсіпкерлік дағдыларға үйрету жобасы.

Толығырақ
Жаңалық
2022 ж. 19 қаңтар
Практика студентов 3, 4 курса!

Производственная практика

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

8(7212)42-50-25
kar-profteh@krg-edu.kz
г. Караганда,ул. Ермекова, 15 Мекен-жайды картада көрсету
https://kptk.mycollege.kz/